Сыныптан тыс жұмыстары

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Выборы Президента ГУ "Первомайская средняя школа"
Автор: Нұрдхан Айнагүл

«Заң бала құқығын қорғау» атты дөңгелек үстел

«Заң бала құқығын қорғау»

Сабақтың мақсаты:

         а) Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру. Адам құқығы туралы Декларация шарттарын меңгеру.

         ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіруін және сөздік қорын молайту.

         б) Оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

 

         Көрнекілігі:   Оқушылардың бала құқығы туралы салған суреттері.

 

         Сабақтың түрі.  Пікірталас сабақ.

 

         Барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі.

 

Бала құқығы туралы қысқаша түсінік.

 

Пікірталас ойын шарты, өтілу жоспары:

 

I.  сынып оқушылары « Адам және Құқық» тобы болып екіге бөлініп, әр топ өз аттарын қорғайды.

II. «Адам» тобы көрініс көрсетеді. «Құқық» тобы көрініс бойынша сұраққа жауап береді.

III. «Адам» тобы Менің құқығым тірек сызба арқылы өз ойларын әңгімелейді толтырады.

IV. Біз неге құқықтымыз? Ойыны 2 топқа « Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларация және бала құқығы туралы Халықаралық Конвенция шарттары» бойынша құрақтар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1) Адам тобы:

 

-         Біздің тобымыздың атын Адам  деп қойған себебіміз Адам –жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы. Қоғамдық қатынастардың негізгі нысаны. Олар 4 мыңнан аса тілде сөйлейді.

     Адам құқықтары өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет      арасындағы ережелердің өзара қатынастары.

 

2) Құқық тобы.

-   Біздің топ «Құқық». Құқық мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. Кез келген адам қоғамдағы әрекет етуші болғандықтан заң негіздерін білу оған құрметпен қарау және одан үлгі алу қажет. Құқықты заң қорғайды. Заң құқық талабын бұзғандарға жазалау тәсілін қолданады. әрбір адамның құқықтық санасы, мәдениеті болуы керек.

 

3) Ақыл-білім жастарда,

     Сөз беремін ұландарға!

     Әділдікке иемін,

     Әділдікке сүйемін.

     Жасөспірім жастардың

     Тыңдайық білім өнерін.

 

4) Көрініс көрсету.

Нұрсұлтан мен Бейбіттің партаға таласуы.

Автор сөзі:

-         Оқу жылының 1-ші күні болатын бесінші сынып оқушылары өздеріне бөлінген сынып бөлмесіне кіріп, әркім бастауыш сыныпта отырған орындарына жайғасқан болатын, бір уақытта ойына не түскені белгісіз Нұрсұлтан орнынан атып тұрып артта отырған Бейбітің орнына таласты.

Нұрсұлтан:

-         Бейбіт сен бұл партадан тұр, бұл жерге мен отырамын

Бейбіт:

- неге? 

Нұрсұлтан:

-         Сол тұр дедімғой тұрсаңшы.

 

Бейбіт:

-         Жоқ тұрмаймын, бұл партаға бірінші мен отырдым

Нұрсұлтан:

-         Отырсаң қайтемін, сенің атын жазылып қойған жоқ қой бұл партаға.

Бейбіт:

-         Сенің де атың жазылып қойған жоқ. Бұл менің орным, саған бермеймін.

-         Автор сөзі

-         Партаға таласқан Нүрсұлтан айғай салды.

Нұрсұлтан:

-         Тұр дедім ғой бұл партаға отыруға менің құқығым бар.

Бейбіт:

-         мненің де құқығым бар, саған ғана беріліп қойды дейсің бе?

Авто сөзі.

-         Партаға таласқан Нрсұлтан мен Бейбіт төбелесе кетеді. Сынып оқушылары аң – таң. Төбелесті тоқтату үшін сынып белсендісі Тамерш араласты.

Тамерш:

Нұрсұлтан, Бейбіт төбелесті доғарыңдар, қазір сынып жетекшіміз келгенен кейін екуіңнің дауларыңды шешіп береді.

Автор сөзі.   

-         Осы мезетте сынып бөлмесіне сынып жетекшісі келді.

-         Сынып жетекшісі Г мұғалім

-         Бұл не шу?

Тамерш: - Апай, Нұрсұлтан мен Бейбіт соңғы партаға таласып, менің құқығым бар отыруға деп дауласып жатыр, қойыңдар десек екуі де қоймады.

С. Мұғалім.

- Нұрсұлтан Бейбіт сендердің бұл қылықтарың дұрыс емес. өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды. Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет. әрине сендердің әр қайсысың оқуға, білім алуға, ойнауға, демалуға құқыларың бар. Бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек.   

Автор сөзі.  – Сынып жетекшіміз дауды шешіп, Нұрсқлтан мен Бейбітке бірінші қатардағы мұғалім үстеліне жақын бір партадан орын иеленуді ұсынады. Ал таласқан орын бос қалды

Осы көріністен кейін «Құқық» тобына мынадай сұрақ қойылды:

 

1. Менің құқығым деген ұғымды қалай түсінесіндер?

 

2. Нұрсұлтан мен Бейбіттің арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?

 

 

 

1- оқушы:  Нұрсұлтан мен Бейбіттің арасындағы дауға тоқталсам  

де ймін, егер кеуінің біреуі нашар көріп, алдыңғы партаға отырғысы келсе, онда ол оның құқығы деп ұғынған болар едім.

2- оқушы:   - Нұрсұлтан мен Бейбіт отырғысы келген партасы екуінің ешқайсысына бекітілмеген және бекітілгендігі туралы әлі журналға жазылмаған себебі бізге орнымызды сынып жетекшіміз әлі бекітіп үлгермеген еді. Сондықтан өз құқықтарын дәлелдей алмайды.

3- оқушы:  - Нұрсұлтан Бейбіттің партасына таласып, өктемдік көрсетті ол жай ғана сыпайы түрде орнын отыруға сұраса, Азат та берер еді.

4- оқушы: - Бұл жерде Нұрсұлтан Бейбітке өктемдік көрсетуге құқығы жоқ.

1) «Адам» тобы сурет салады.

2) «Құқық» тобы Суреттер туралы адам құқығы мен бостандығы туралы Декларация баптарына сүйене отырып жауап береді.

 

1- оқушы: - Өз ойымды айтуға, қалған тілімде жазуға, сөйлеуге, оқуға құқығым бар.

 

2- оқушы: - Мен өзім туып- өскен жерімде тұруға, оны қорғауға, тұратын мекенімді тандауға құқығым ьар.

 

3- оқушы: - Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға ойнауға құқықтымын.

 

4- оқушы: - мен өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар.

 

5- оқушы: - Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын.

 

4) Біз неге құқықтымыз? Кубизм ойыны. Сауалға сұрақтар.

 

1. Құқық деген не? Ж: Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіеп ережелерінің жиынтығы.

2. Құқық немен қорғалады? Ж: Заңмен қорғалады.

3. Адам құқығының  қорғалуы қай жерде бастау алады және қай жылы.

Ж: 1789ж Франция елінде.

4. Жер бетіндегі әобір адам, қандай құқықтар мен бостандықтарға ие болатының біз қандай құжаттардан көре аламыз?

Ж: Адам құқықтары мен бостандықтары туралы жалпыға бірдей Декларациядан көре аламыз. Ол 1948 ж. 10 желтоқсанда қабылданды.

 

 

 

5. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады? Ж: БҰҰ (біріккен ұлттар ұйымы)

6. БҰҰ мақсаты не? Ж:  БҰҰ мақсаты: әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау.

7. ҚР БҰҰ –на қай жылы мүше болып кірді? Ж: 1992жылы 2.03

8. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шартты қабылдады? Ж: Бала құқығы туралы Конвенция.

9. Бала болып кімдер саналады? Ж: 18 жасқа толмағандар болып саналады.

10. бала құқығы туралы Конвенция ҚР Президенті қай жылы қол қойды? Ж: 1995 ж Нью- Иорк қаласында 156-шы мемлекет болып қол қойды.

11. ҚР-да жетім және мүгедек балалардың құқығы қалай қорғалады?

 Ж: ҚР-да жетім және мүгедек балалардың құқығын қорғауды мемлекет өз қаруына алды және ол үшін 1992ж «Бөбек» қоры құрылған. Бөбек қорының президенті С.А. Назарбаева.

12. Декларация дегенді қалай түсінесіндер? Ж: Үкіметтің саяси партияның халықаралық ұйымының аса маңызды мәселесі.

13. Декларацияда адам құқығы туралы не айтылған? Ж: Барлық адам тең құқылы және азат болып туады. Барлық адамға ақыл-ой берілген сондықтан бір-бірімен бауырмалдық қарым-қытнас жасуларын тиіс деп 1- бапта айтылған.

14. Ар- намыс, абырой-беделге нұсқан келтірсе не істеуге болады?

Ж: Әр адам өз баспанасына жеке және отбасылық өміріне абырой мен атағына басқаның қол сұғуына құқығы бар деп Декларацияның 12-бабында айтылған.

15. Адамқұқығы жат елде жүрсе қалай қорғалады? Ж: Әр адамның құқығықайда жүрсе де заңмен қорғалады деп Декларацияның 12-бабында айтылған.

16. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады? Ж: Соғысып жатқан елдерде адам құқығы бұзылады.

17. Біздің елімізде адам құқығы бұзылған қандай кезнңдерді білесіңдер? Ж: 1937-38 ж қырғын-сүргін, 1932-33ж ашаршылық. 1986 ж желтоқсан оқиғасы.

18. Адам құқығы кімдер қорғайды? Ж: Қауіпсіздік қызметкерлері.

19. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?

Ж: Парламент шығарады.

20. Декларацияда жарналанған біздің құқықтар мен бостандықтарды кімдер пайдалана алады? Ж: Декларацияның 2-бабында әрбір адам пайдалана алады делінген.   


Просмотров: 2330
Дата создания: 09.01.2013
Дата редактирования: 09.01.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource